This isn't an official website of the European Union

Еуропалық және Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күні, 2024 жылғы 10 қазан: Еуропалық Одақтың Жоғарғы Өкілі мен Еуропа Кеңесі Бас хатшысының бірлескен мәлімдемесі

10.10.2024 EEAS Press Team

Өлім жазасы – адамның қадір-қасиетін белден басу болып табылатын адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекет пен жазалау түрі.

Еуропалық және Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күрес күнге орай Еуропалық Одақ (ЕО) пен Еуропа Кеңесі қандай жағдай болмасын өлім жазасына немесе өлім жазасын қайта енгізуге табанды қарсылығын тағы бір мәрте растайды.

Біз өлім жазасын алып тастау бастамасына деген қолдаудың әлем бойынша артып келе жатқанын құптайыз. Барлық елдердің үштен екісінен астамы өлім жазасын заң жүзінде немесе іс жүзінде алып тастады. Өткен жылы өлім жазасын қолданған елдердің саны бұрын-соңды болмаған ең төменгі көрсеткішке жетті.

Өлім жазасын алып тастау үрдісіне қарамастан, бірқатар елдерде жазалаудың бұл түрі әлі де қолдануда. 2023 жылы ең көп өлім жазасына жүгінген бес ел – Қытай, Иран, Сауд Арабиясы, Сомали және Америка Құрама Штаттары. Есептемелерге сәйкес, Иранның өзіне тіркелген барлық өлім жазаларының 74%-ы тиесілі. Америка Құрама Штаттарында өлім жазасын жүзеге асырудың даулы әдісі болып табылатын  азот гипоксиясын қолдану үлкен алаңдаушылық тудырады. Беларусь - Еуропа континентінде әлі күнге дейін өлім жазасын қолданатын жалғыз ел.

Біз өлім жазасын әлі де қолданып келе жатқан мемлекеттерді бұл жаза түрін толық жоюдың алғашқы қадамы ретінде мораторий енгізуге шақырамыз.

Өлім жазасын жақтаушылар өз ұстанымын көбінесе осы ең қатаң жазалау шарасы қылмыстың алдын алады деген тұжырымға негіздейді. Дегенмен, дәлелдемелер өлім жазасының қылмыстың алдын алуға немесе оны азайтуға тигізер әсері аз немесе мүлдем жоқтығын анық көрсетеді. Өлім жазасы қоғам қауіпсіздігінің кепілі бола алмайды. Оның үстіне, бұл шара сот қателіктерін қайтымсыз етеді.

Еуропа Кеңесі мен ЕО өлім жазасын қайта енгізуге ықпал етуі мүмкін  іс-әрекетпен күресу және әлемнің барлық бөліктерінде, соның ішінде Еуропада, оны толық жою жолындағы ашық әрі демократиялық пікірталастарды ынталандыру бойынша ынтымақтастықты нығайту ісіне бейіл. Біз өлім жазасын қолданудағы ашықтықты арттыруға, сондай-ақ жастармен және азаматтық қоғаммен қарым-қатынасты жетілдіруге бағыталған барлық күш-жігерді қолдауға ниеттіміз.

Өлім жазасы – ХХІ ғасырда орны жоқ өткеннің жәдігері. Жазалаудың бұл түрін қазір жою керек.

 

Peter Stano
Lead Spokesperson for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0)460 75 45 53
Nabila Massrali
Spokesperson for Foreign Affairs and Security Policy
+32 (0) 2 29 88093
+32 (0) 460 79 52 44