Астана қаласында Cаясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» жоғары деңгейдегі диалогтың оныншы отырысы өтті
Cаясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог 2 маусымда Шолпан-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің жоғары деңгейдегі екінші кездесуінен кейін көп ұзамай өтті: бұл Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қол жеткізілген өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін көрсетеді.
Cаясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог аясындағы кездесу ЕО-тың Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясының салдары мен Ауғанстандағы келеңсіз оқиғаларға қарсы тұруды жалғастырып жатқан бұл аймаққа деген берік ұстанымын қайта растауға мүмкіндік берді. Осы орайда ЕО Орталық Азиямен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған бар күш-жігерін салысуға дайын екенін растады.
ЕО 2022 жылғы 18 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Еуропалық Одақ-Орталық Азия арасындағы өзара байланысы жөніндегі конференцияның және 2023 жылғы 18-19 мамырда Қазақстанның Алматы қаласында ЕО-Орталық Азия экономикалық форумының нәтижелеріне сүйене отырып, су мәселелері, энергетика мен климаттың өзгеруін басқару және байланыс салаларындағы аймақпен ынтымақтастықты күшейтуге ниетін қайта білдіреді.
Қатысушылар лаңкестік пен зорлық-зомбылық, экстремизмге қарсы іс-қимыл, есірткінің заңсыз айналымына және шекараны басқару сияқты бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және осы салалардағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырды. Аталмыш салаларда ЕО мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ортақ іс-шаралар жүргізуді белсендіруге келісті.
Cаясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог ЕО және Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға ортақ мүддесін көрсетеді. Сондай-ақ, ол ЕО – Орталық Азия стратегиясы және аймақтағы ЕО-тың маңызды ынтымақтастық бағдарламалары арқылы әзірленген ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқан деңгейлеріне негізделеді.
Диалог барысында қатысушылар ЕО мен Орталық Азия арасындағы терең байланыстарды ілгерілету мақсатында қауіпсіздіктің ортақ мәселелері, байланыс, экономика және сауда, қоршаған орта, су және климат, білім, ғылым және инновация мәселелері, адамдар мен адамдар арасындағы байланыстар бойынша өңіраралық ынтымақтастықты ілгерілетуге мүмкіндік беретін «ЕО-Орталық Азия» министрлерінің алдағы кездесуіне дайындық сұрақтарын талқылады.
Отырыс Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өтті, оны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мырза жүргізді және Еуропалық сыртқы істер қызметі Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Энрике Мора мырза төрағалық етті.
Cаясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалог тұрақты түрде өткізіледі; бірінші Диалог 2013 жылы Брюссельде өтті. Келесі отырыс 2024 жылы өтеді.
The High-Level Political and Security Dialogue is held regularly; the first Dialogue took place in 2013 in Brussels. The next round will be held in 2024.