This isn't an official website of the European Union

Бұл парақшада ЕО және Қазақстан арасында саяхаттау, сонымен қатар оқу сапарлары мен ЕО туралы ақпаратқа қол жеткізу бойынша ақпарат берілген. 

  • Image
    Computer and information of travelling in Europe

    Еуропаға саяхат 

    Copyright: Aurore Martignoni, European Union, 2020 (AV service).

Визалар

Қазақстанда Шенген визасына өтініш беру талаптары бойынша жалпы ақпарат

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ШЕНГЕН ВИЗАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұл транзиттік өту немесе мүше мемлекеттердің аумағында кез келген 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге (қысқа мерзімді болу) қалу (болу) мақсатында Шенген аймағына мүше мемлекеттердің бірі беретін рұқсат.

Виза алу өтініштері VISA CODE негізінде өңделеді (2009 жылғы 13 шілдеде қабылданған Еуропалық Парламент пен Кеңестің № 810/2009 (EК) Регламенті, соңғы рет 2019 жылғы 20 маусымдағы 2019/1155 (EК) Регламентімен өзгертілген). Төмендегі мәлімет осы Регламент негізінде келтірілген.

Ұзақ мерзімді Шенген визасы әр мүше мемлекеттің ұлттық ережелеріне сәйкес беріледі. Барлық тиісті ақпаратты Шенген елдерінің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктерінен алуға болады. ЕО иммиграциялық порталы да пайдалы ақпарат ұсынады: https://immigration-portal.ec.europa.eu/index_en

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Шенген визасын алуға өтініш жіберу үшін міндетті түрде талап етілетін құжаттар тізімі бар.

2012 жылғы 6 тамызда Комиссияның Атқарушы Шешімімен бекітілген Қазақстанда қысқа мерзімді виза алу үшін қажет растайтын құжаттар тізімін II қосымшадан таба аласыз.

ШЕНГЕН ВИЗАСЫН ҚАЙ ЕЛДЕР БЕРЕДІ?

Қазіргі уақытта Шенген аймағына Еуропаның 29 елі кіреді, оның 23-і Еуропалық Одаққа мүше мемлекет (төменде * белгісімен көрсетілген мемлекеттер). Бұл 29 елдің құқықтық негізі бір және олардың ортақ шекараларында/сол елдер арасындағы шекараларда шекаралық бақылау жүзеге асырылмайды.

Шенген визасын беретін мемлекеттер (Шенген аймағының мүше мемлекеттері): Аустрия*, Бельгия*, Болгария*, Хорватия*, Чехия*, Дания*, Эстония*, Финляндия*, Франция*, Германия*, Грекия*, Мажарстан*, Исландия, Италия*, Латвия*, Лихтенштейн, Литва*, Люксембург*, Мальта*, Нидерланды*, Норвегия, Польша*, Португалия*, Румыния*, Словакия*, Словения*, Испания*, Швеция* және Швейцария.

Шенген аймағы туралы толығырақ ақпаратты төмендегі вебсайттан таба аласыз:

https://home-affairs.ec.europa.eu/policies/schengen-borders-and-visa/schengen-area_en

ШЕНГЕН ВИЗАСЫНЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР?

  1. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ВИЗА:

КӨП МӘРТЕЛІК ВИЗА: көп мәртелік визасы бар азамат 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге жоғарыда аталған Шенген аймағының мүше мемлекеттеріне сапармен баруға құқылы. Шенген елдерінде болуға рұқсат етілген мерзімді санап шығару үшін визаға өтініш беруші Еуропалық Комиссияның Ішкі істер жөніндегі бас директоратының вебсайтында бар қысқа мерзімді виза калькуляторын пайдалана алады.

ШЕКТЕУЛІ АЙМАҚТА ЖАРАМДЫ ВИЗА: шектеулі аймақта жарамды визасы бар азамат Шенген аймағының кез келген мүше мемлекетіне емес, тек виза жапсырмасында көрсетілген мемлекетке (мемлекеттерге) баруға құқылы.

  1.  ӘУЕЖАЙ ТРАНЗИТТІК ВИЗАСЫ:

Әуежай транзиттік визасы жүйелі түрде Ауғанстан, Бангладеш, Конго Демократиялық Республикасы, Эритрея, Эфиопия, Гана, Иран, Ирак, Нигерия, Пәкістан, Сомали және Шри-Ланка азаматтары үшін талап етіледі.

Әуежай транзиттік виза иесі тек виза берген Шенген елінің және, виза жапсырмасында көрсетілген болса, сол көрсетілген елдердің халықаралық транзиттік аймағынан транзитпен өте алады.

Төлқұжаттардың жарамдылығы

Визаға өтініш беруші Шенген елдерінің аумағынан шығудың жоспарланған күнінен кейін (немесе, бірнеше рет баратын жағдайда, Шенген елдерінің аумағынан соңғы жоспарланған кету күнінен кейін) әлі де кемінде үш ай жарамды болатын жол жүру құжатын (төлқұжатын) тапсыруы тиіс. Төлқұжатта кемінде екі бос парақ болып, берілген күні соңғы 10 жылдан аспауы керек.

ШЕНГЕН ВИЗАСЫН ҚАНША РЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?

Виза жапсырмасында қанша рет кіруге болатындығы көрсетіледі: “1”, “2” немесе "MULT" (көп мәрте). Көп мәртелік визаның ("MULT") иесі елде болу ұзақтығы туралы ережелерді сақтай отырып, визаның жарамдылық мерзімі ішінде Шенген аймағына шектеусіз рет кіре алады.

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕНГЕН ВИЗАСЫН АЛУҒА КІМ ӨТІНІШ ТАПСЫРА АЛАДЫ?

Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда заңды түрде тұратын басқа елдердің азаматтары өтініш бере алады. Мүше мемлекеттерде кейбір үшінші елдердің азаматтарының өтініштерін өңдеудің белгілі ережелері болуы мүмкін екетіндігін ескертеміз. Толық ақпаратты 8-беттегі кестеден таба аласыз.

Қазақстанда тұрмайтын тұлғалар Қазақстанда заңды түрде болған жағдайда ғана өтініш бере алады және өтінішті өзінің тұрғылықты елінде емес, Қазақстанда беру үшін негіздемесін көрсетулері тиіс.

ҚАЙ МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ ВИЗА АЛУ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАСТЫРЫП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚҰЗЫРЛЫ?

Көп мәртелік виза алу өтініштерін қарастырып, шешім қабылдауға құзырлы Шенген аймағына мүше мемлекет:

  1. аумағы сапардың (сапарлардың) жалғыз бағыты болып табылатын Шенгенге мүше мемлекет.
  2. егер сапар бірнеше бағытты қамтыса немесе 2 ай ішінде бірнеше бөлек сапарлар көзделген болса, болу ұзақтығы немесе мақсаты бойынша аумағы сапардың(сапарлардың) негізгі бағыты болып табылатын Шенгенге мүше мемлекет.
  3. негізгі баратын бағытты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, өтініш беруші мүше мемлекеттердің аумағына кіру үшін сыртқы шекарасы бірінші болып өтілетін Шенгенге мүше мемлекет.

Шенген аймағына мүше мемлекеттің құзыретті консулдығы (бірнеше консулдық болған жағдайда) және ықтимал делдалдық компаниялар мен қызмет көрсететін сыртқы ұйымдарға қатысты қосымша ақпаратты осы құжаттың соңында берілген Шенген аймағына мүше мемлекеттердің веб-сайттарынан таба аласыз.

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕНГЕН ЕЛІНІҢ ЕЛШІЛІГІ/КОНСУЛДЫҒЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Дания, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта және Словениядан басқа барлық Шенген мүше мемлекеттерінің Қазақстанда виза беретін елшілігі/консулдығы бар (ерекшеліктер 8-беттегі кестеде берілген).

Өтініштерді қызмет көрсететін сыртқы ұйымға жіберуге болатынын ескертеміз. Өтініштерді қайда жіберуге болатындығы туралы ақпаратты сәйкес Шенген елдерінің веб-сайттарынан (осы құжаттың 8-бетіндегі сілтемелерді қараңыз) таба аласыз.

ӨТІНІШ ОНЫ ҚАРАСТЫРЫП, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚҰЗЫРЛЫ ЕМЕС ШЕНГЕН ЕЛІНЕ НЕМЕСЕ КОНСУЛДЫҚҚА ТАПСЫРЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ БОЛАДЫ?

Өтінішті алғаннан кейін консулдық өзінің осы өтінішті қарастыруға және шешім қабылдауға құзыреттілігін тексереді. Тиісті құзыреттілігі жоқ болған жағдайда, консулдық бірден қай консулдықтың құзыретті екенін көрсетіп, өтініш пен өтініш беруші ұсынған барлық құжаттарды, визалық алымды қайтарады.

ВИЗА АЛЫМЫ

Өтініш берушілер 90 еуроны құрайтын виза алымын төлейді (2024 жылдың 11 маусымынан бастап).

Алты жастан бастап және 12 жасқа толмаған балалар үшін төленетін виза алымы – 45 еуро (2024 жылдың 11 маусымынан бастап).

Әр елшіліктің визалық алымдар үшін жергілікті валютаны және/немесе еуроны қабылдауға қатысты саясаты әртүрлі. Кейбір консулдықтар кредит картасы бойынша да төлемдерді қабылдайды. Толық ақпаратты тиісті Шенген елінің веб-сайтынан таба аласыз.

ВИЗА АЛЫМЫНАН БОСАТЫЛҒАН ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР

  1. Алты жасқа толмаған балалар;
  2. Оқу немесе білім алу мақсатында сапарға бара жатқан мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар және олармен бірге жүретін оқытушылар;
  3. Еуропалық Одақ Кеңесінің (ЕО) 2016/801[1] директивасының 3(2) бабына сәйкес ғылыми зерттеу жүргізу, семинарға немесе конференцияға қатысу мақсатында сапарға бара жатқан үшінші елдердің ғылыми қызметкерлері (ғалымдар);
  4. Коммерциялық емес ұйымдар ұйымдастыратын семинарларға, конференцияларға, спорттық, мәдени немесе білім беру іс-шараларына қатысатын 25 жасқа дейінгі коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;

Төменде көрсетілген санаттардың біріне жататын өтініш берушілер виза алымынан босатылуы мүмкін:

  1. 6-18 жас аралығындағы балалар;
  2. Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;
  3. Коммерциялық емес ұйымдар ұйымдастыратын семинарларға, конференцияларға, спорттық, мәдени немесе білім беру іс-шараларының 25 жасқа дейінгі қатысушылары.

Шенген мемлекеттері ұсынуы мүмкін визалық алымдарды төлеуден босату және өтініш берушілердің белгілі бір санаттары үшін қосымша визалық алымдардан босату туралы ақпаратты төменде берілген мүше мемлекеттердің веб-сайттарынан табуға болады.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: Консулдықтар виза беру бойынша шешімдерді тек растайтын құжаттар негізінде қабылдайды. Консулдықтар визаның нақты түрін беру үшін ешқашан қосымша ақы алмайды. Көп жылдық виза алу немесе виза беру үдерісін жылдамдату үшін   қосымша ақы талап ететін делдалдық компаниялар немесе агенттіктердің алаяқтық және заңсыз әрекеттерінен сақ болыңыз, өйткені бұл ешбір жағдайда өтініштерді қарастырып, шешім қабылдауға әсер етпейді.

ВИЗА ӨТІНІШІН ЖОСПАРЛАНҒАН САПАРДЫҢ БАСТАЛУЫНА ДЕЙІН ҚАНША КҮН БҰРЫН ТАПСЫРУ КЕРЕК?

Виза өтінішін мүмкіндігінше алдын ала немесе жоспарланған сапардан кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын берген жөн. Өтініштерді жоспарланған сапар басталғанға дейін алты айдан аспайтын уақыт бұрын (теңізшілер үшін тоғыз ай) беруге болатынын ескеріңіз.

Көп мәртелік виза иелері өтінішті кемінде алты айға жарамды визаның мерзімі аяқталғанға дейін бере алады.

ӨТІНІШІМДІ ТАПСЫРУ ҮШІН МАҒАН КЕЗДЕСУГЕ БАРУ КЕРЕК ПЕ?

Өтініш берушілерден өтінішті тапсыру үшін кездесуге келу талап етілуі мүмкін. Төмендегі сілтемелер арқылы өтіп, Шенген елдерінің веб-сайттарында бар ақпаратпен танысуларыңызды ұсынамыз.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: Консулдықтар виза беру бойынша шешімдерді тек растайтын құжаттар негізінде қабылдайды. Консулдықтар визаның нақты түрін беру үшін ешқашан қосымша ақы алмайды. Көп жылдық виза алу немесе виза беру үдерісін жылдамдату үшін   қосымша ақы талап ететін делдалдық компаниялар немесе агенттіктердің алаяқтық және заңсыз әрекеттерінен сақ болыңыз, өйткені бұл ешбір жағдайда өтініштерді қарастырып, шешім қабылдауға әсер етпейді.

ВИЗА ӨТІНІШІНЕ ҚАНДАЙ РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОСА ЖІБЕРУ КЕРЕК?

Әр өтініш беруші толтырылған және қол қойылған өтініш формасы мен растайтын құжаттар пакетін тапсыруы тиіс. Өтініш формасы мен растайтын құжаттар тізімін Шенген елдерінің  веб-сайттарынан (осы құжаттың соңындағы сілтемелер берілген) таба аласыз.

Кейбір жағдайда өтінішіңізді қарастыру кезінде консулдық қосымша құжаттарды сұрай алатынын және Сізді әңгімелесуге шақыруы мүмкін екенін ескеріңіз.

ТУРИСТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Бір немесе екі мәртелік визаға өтініш берушілер жедел медициналық көмек, ауруханаға жатқызу мен репатриацияны (соның ішінде қайтыс болған жағдайда) қамтитын жарамды әрі жеткілікті туристік медициналық сақтандырудың бар екенін дәлелдеуге тиіс. Сақтандыру сомасы кем дегенде 30 000 еуро болуы керек. Бұл сақтандыру бүкіл Шенген аймағында және Шенген аймағында болудың толық мерзіміне жарамды болуы керек.

Екі реттік кіруден асатын көп мәртелік визаға өтініш берушілерде Шенген аймағында болу уақытын қамтитын туристік медициналық сақтандыру болуы керек. Өтініш беру кезінде олар бірінші жоспарланған сапар кезеңін қамтитын туристік медициналық сақтандыруы бар екенін дәлелдеуге және өтініш формасындағы тиісті мәлімдемеге қол қоюға тиіс.

БИОМЕТРИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ

Қазақстанда Шенген визасына өтініш берушілердің барлығына биометриялық деректерді (саусақ іздері және цифрлық фотосурет) тапсыру үшін жеке келу талабы қойылады.

Фотосуретті өтініш берген кезде цифрлық түрде түсіруге немесе жақын арада түсірілген фотосуреттен, ИКАО стандарттарына сәйкес келсе, сканерлеуге болады.

Кейінгі өтініштер үшін (5 жыл ішінде тапсырылған) саусақ іздерін алдыңғы өтініш берген кезде сақталған файлдан алуға болады.

Өтініш берушінің жеке басына қатысты негізделген күмән туындаған жағдайда консулдық жоғарыда көрсетілген 5 жыл ішінде саусақ іздерін қайта тапсыруды сұрайды. Сонымен қатар, өтініш берілген кезде саусақ іздерінің осы 5 жыл ішінде алынғанын бірден растау мүмкін болмаған жағдайда, өтініш берушіден саусақ іздерін тапсыру талап етіледі.

Визаға өтініш берушілердің биометриялық деректерін Шенген елдерінің консулдықтары мен қызмет көрсететін сыртқы ұйымдар жинай алады. Биометриялық деректерді делдалдық компаниялар (мысалы, жеке туристік агенттіктер) жинамайды.

САУСАҚ ІЗДЕРІН ТАПСЫРУ ТАЛАБЫ КІМГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ?

Келесі өтініш берушілер саусақ іздерін беру талабынан босатылады:

[(b) санатына жататын өтініш берушілерге консулдыққа немесе қызмет көрсететін сыртқы ұйымға жеке кездесуге келу керек екенін ескеріңіз]

  1. 12 жасқа толмаған балалар;
  2. саусақ іздерін тапсыру физикалық тұрғыдан мүмкін емес болған жағдай. 10 саусақтан аз саусақ ізін алу мүмкін болса, саусақ іздерінің максималды саны алынады. Алайда, егер бұл барлық саусақ іздерін тапсыра алмау жағдайы уақытша  болса, өтініш беруші келесі жолы өтініш бергенде саусақ іздерін тапсыруы керек. Құзыретті органдар уақытша барлық саусақ іздерін тапсыра алмау жағдайын дәлелдейтін қосымша түсініктемені талап етуге құқылы.
  3. мемлекет немесе үкімет басшылары және үкімет мүшелері (тек қана министрлер мен мемлекеттік министрлер) мен сапарға бірге шыққан жұбайылары, сонымен қатар мүше мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық ұйымдар ресми мақсатта шақырған жағдайда олардың ресми делегациясының мүшелері;

Бұл тізім міндетті және толық болып табылады. Дипломатиялық паспорт иелері саусақ ізін тапсыру талабынан босатылмайды. Ресми мақсатпен шақырылған мемлекет басшыларының/ұлттық үкімет өкілдерінің ресми делегациясының мүшелері болған жағдайда, бұл талаптан босатылуы мүмкін.

КОНСУЛДЫҚ ӨТІНІШ БОЙЫНША ШЕШІМДІ ҚАЙ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАЙДЫ?

Өтінішті берген күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдануы тиіс.

Бұл мерзім жеке жағдайларда, әсіресе өтінішті қосымша тексеру қажет болғанда, ең көбі 45 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

ВИЗАҒА ӨТІНІШТІ ҚАРАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ҚАЙ ҮШІНШІ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТТАРЫ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА КЕҢЕСУ ӨТКІЗІЛЕДІ?

Шенген елі белгілі бір үшінші елдердің немесе нақты санатқа жататын азаматтары тапсырған виза өтініштерін қарастыру кезінде басқа мүше мемлекеттерден кеңес немесе ақпарат алуды талап етуі мүмкін.

Кеңес алу бойынша сұраққа жауап келгенше визаның берілмейтіндігін ескертеміз.  Еуропалық Кеңестің 810/2009 Регламентіне сәйкес орталық органдар кеңескеннен кейін 7 күнтізбелік  күн ішінде нақты жауап берулері тиіс.

Алдын ала кеңес немесе ақпарат сұрау талабына жататын елдер тізімімен келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады:

https://home-affairs.ec.europa.eu/document/download/e6139169-6ec7-4374-a50a-eb2333411e3f_en

ВИЗА БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Виза беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушілер бас тартудың негіздері көрсетілген хабарламаның стандартты нысанын алады.

Олар стандартты нысанда көрсетілген тәртіп пен мерзімдерді сақтай отырып, шағымдануға құқылы. Шешім қабылдаған Шенген еліне қарсы шағымдар оның ұлттық заңнамасына сәйкес беріледі.

ШАҒЫМ БЕРУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Сіз мыналарға қатысты шағым беруге құқылысыз:

- консулдық немесе қызмет көрсететін сыртқы ұйым қызметкерлерінің өз жұмысына немесе өтініш берушілерге деген қарым-қатынасы;

- өтінішті өңдеу тәртібі.

Тиісті рәсім туралы ақпаратты Шенген елдерінің вебсайтынан табуға болады.

ШЕНГЕН ВИЗАСЫМЕН САПАРҒА БАРҒАНДА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУ КЕРЕК?

Шенген визасының бар болуы автоматты түрде Шенген аймағына кіру құқығын бермейді.

Сыртқы шекарада виза иелерінен олардың Шенген еліне барудың мақсаты мен ол жерде болудың шарттарын негіздейтін құжаттарды ұсыну, Шенген елінде жоспарланған болу кезеңінде де, өз еліне оралуы немесе кіруге құқығы бар әлде кіру құқығын заңды түрде сұрай алатын үшінші мемлекетке транзитпен бару үшін де жеткілікті күнкөріс құралдарының бар екендігін дәлелдеу талап етілуі мүмкін. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы таба аласыз – Виза иелеріне арналған ақпарат парағы.

ЕО/ ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШВЕЙЦАРИЯ АЗАМАТТАРЫ

Егер Сіз ЕО/Исландия/Лихтенштейн/Норвегия немесе Швейцария азаматының отбасы мүшесі болсаңыз және төмендегі критерийлерге сай келсеңіз, Сіз үшін жеңілдетілген әрі жеделдетілген виза рәсімі, соның ішінде виза алымынан босату қарастырылған.

  1. Сіз ЕО/Исландия/Лихтенштейн/Норвегия немесе Швейцария азаматының (немесе оның жұбайының/тіркелген серіктесінің) отбасы мүшесісіз (оған жұбайы, тіркелген серіктесі, 21 жасқа толмаған бала немесе тәуелді отбасы мүшесі кіреді); ЖӘНЕ
  2. ЕО/Исландия/Лихтенштейн/Норвегия немесе Швейцария азаматы болып, басқа мүше мемлекетте тұрасыз немесе сол жерге тұрғылықты тұру үшін барасыз; ЖӘНЕ
  3. Сіз ЕО/Исландия/Лихтенштейн/Норвегия немесе Швейцария азаматтарымен бірге барасыз немесе тұрғылықты тұру үшін оларға қосылуды жоспарлап отырсыз.

Визаға өтінішті туған елінің Елшілігіне емес, ЕО/Исландия/Лихтенштейн/Норвегия немесе Швейцария азаматының болашақ резиденттік елінің елшілігіне/консулдығына беру керек.

Егер Сіз виза алуды жеңілдететін талаптарға саймын деп ойласаңыз, визаға өтініш берген кезде осы критерийлерге сәйкес келетініңізді дәлелдеуіңіз керек.

Басқа сұрақтарға жауап алу үшін  Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) бөлімін қараңыз.


[1] https://eur-lex.europa.eu/legal-content/EN/TXT/?qid=1575425488664&uri=CELEX:32016L0801

Елшіліктер

Австрия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 9 қабат 
Тел.: +7 (7172) 97 78 69   
+7 (7172) 97 78 78  
Факс: +7 (7172) 97 78 50  
E-mail: astana[email protected]  

Website: www.bmeia.gv.at/oeb-astana   

Бельгия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі,
62a, 13 қабат 
Тел.: +7 (7172) 97 44 85  
+7 (7172) 97 44 86  
Факс: +7 (7172) 97 78 49  
E-mail:  [email protected]
Website: www.diplomatie.be/astana

Болгария 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Иманова көшесі, 11
"Нұрсәулет" бизнес-үйі  
Тел.: +7 (7172) 90 15 15  
Факс: +7 (7172) 90 18 19  
E-mail: [email protected]
[email protected]

Хорватия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 3 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 29 46   
E-mail: [email protected]

Кипр  

Ресей 121069 
Мәскеу қаласы, 
Поварская көшесі, 9 
Tel.: + 7 499 575 03 10,
+35722651500 
Fax: + 7 499 575 03 11 
E-mail: 
[email protected]

Чех Республикасы 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Қабанбай батыр даңғылы, 15/1
"Q2" бизнес-үйі
Тел.: +7 (7172) 99 51 01    
+7 (7172) 99 51 61  
E-mail: [email protected]  
Сайт: www.mzv.cz/astana

Дания 

Дания сауда комиссия 
және консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050051 
Алматы қаласы, 
Бегалин көшесі, 130 
Тел..: +7 727 291 77 54  
Факс: +7 727 293 82 62  
E-mail: [email protected]   
Сайт: www.dtcalmaty.um.dk

Дания 

РФ-да орналасқан 
Дания елшілігі  

Ресей 119034 
Мәскеу қаласы, 
Пречистеский тас көшесі, 9 
Тел.: +7 (495) 642 68 00  
Факс: +7 (495) 775 01 91 
E-mail: [email protected]  
Сайт : www.ambmoskva.um.dk

Эстония 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Қабанбай Батыр даңғылы,28   
Тел.: +7 (7172) 24 02 80  
+7 (7172) 24 03 10  
E-mail: e[email protected]

[email protected]  

Website: https://astana.mfa.ee/   

Финляндия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,
12  
"Astana Tower", 17 қабат  
Тел.: +7 (7172) 44 21 21   
E-mail: [email protected]

Website: https://finlandabroad.fi/web/kaz/

frontpage

Франция 

Қазақстан Республикасы 
010000 Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 4 қабат  
Тел.: +7 (7172) 79 51 00  
Факс: +7 (7172) 79 51 01  
E-mail:

[email protected]  

admin-francais.astana-amba@

diplomatie.gouv.fr 
Сайт:http://www.ambafrance-kz.org

Франция 

Бас консулдық

Қазақстан Республикасы 
050000  Алматы қаласы,
Қонаев көшесі, 77

Park View Office Tower

Тел.: + 7 (7273) 21 09 14
 + 7 (7273) 21 09 15

E-mail:

[email protected]  

Германия 

Қазақстан Республикасы 010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі,  2 қабат  
Тел.: +7 (7172) 79 12 00  
Факс: +7 (7172) 79 12 13  
E-mail: 

[email protected]

[email protected]

Website: https://kasachstan.diplo.de/ 

Германия 

Алматы қаласы бас 
консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050051 Алматы қаласы,
Иванилов көшесі, 2  
Тел.: + 7 (7272) 62 83 41/46/49;  
+ 7 (7272) 71 69 28
(Visa section)  
E-mail: [email protected]

Греция 

Қазақстан Республикасы 
010000 Астана қаласы,
Қараөткел-2 шағын ауданы, 109  
Тел.: + 7 (7172) 56 37 14  
+ 7 (7172) 56 37 84  
Факс: + 7 (7172) 56 38 26  
E-mail: [email protected]

Венгрия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 9 қабат 
Тел.:: +7 (7172) 55 03 23  
Факс: + 7 (7172) 55 03 24  
E-mail: [email protected]

Website:https://nurszultan.mfa.gov.hu  

Венгрия 

Алматы қаласы бас консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050000  Алматы қаласы,
Мусабаев көшесі, 4  
Тел.: +7 (7272) 47 25 57,
+7 (7172) 47 25 70  
E-mail: [email protected]

Website: https://almati.mfa.gov.hu/  

Ирландия 

Ресей 129010  
Мәскеу қаласы, Грохольский 
тас көшесі, 5   
Тел.: +7 (495) 937 59 11  
Факс: +7 (495) 680 06 23  
E-mail: [email protected]

Италия 

Қазақстан Республикасы 010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62,
РЕНКО үйі, 8 қабат 
Тел.: +7 (7172) 24 33 90,  
+7 (7172) 24 38 68  
Факс: +7 (7172) 24 36 86  
E-mail:[email protected]
 

 

Латвия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 18 қабат 
Тел.: +7 (7172) 92 53 16  
+7 (7172) 92 53 17  
Факс: +7 (7172) 92 53 19  
E-mail:
[email protected]

[email protected] 

Website: https://www2.mfa.gov.lv/ru/kazakhstan 

Литва 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтар көшесі, 62А,
16 қабат 
Тел.: +7 (7172) 79 27 47
Факс +7 (7172) 79 29 02
E-mail: [email protected]

Website: https://kz.mfa.lt/kz   

 

Литва

Бас консулдық

Қазақстан Республикасы, Астана

050059

Горный гигант, Искендеров көшесі 15

Tel: +77272631040, 632505

E-mail: [email protected]  

Website: consulate-almaty.mfa.lt   

Люксембург 

Ресей 119034  
Мәскеу қаласы, 
Хрущовский тас көшесі, 3  
Тел.: +7 (495) 786 66 63  
Факс: +7 495 786 66 69  
E-mail: 
[email protected]
Сайт: 
: https://moscou.mae.lu/en 

Мальта 

Ресей  
Мәскеу қаласы,
Коровий вал 7, 219 офисі  
Тел.: +7 (495) 237 19 39/81 
Факс: +7 (495) 237 21 58  
E-mail: 
[email protected]

Website: https://foreign.gov.mt/en/embassies

/me_moscow/Pages/ME_Moscow.aspx

Нидерланды 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі,
62, РЕНКО үйі, 3 қабат 
Тел.: +7 (7172) 55 54 50  
Факс: +7 (7172) 55 54 74 
E-mail: [email protected] 

Website: https://www.netherlandsandyou.nl

/your-country-and-the-netherlands/kazakhstan

Польша 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы,
Сары Арқа көшесі, 15 
"Іскер" бизнес-үйі  
Тел.: +7 (7172) 94 44 00/10
Факс: +7 (7172) 94 44 01
E-mail: 
[email protected] 

Website: https://www.gov.pl/web/kazahstan/embassy

Польша 

Бас консулдық  

Қазақстан Республикасы 
050059  
Алматы қаласы,
Горный Гигант ауданы 
Джаркентская/
Искандеров көшесі,
9-11/13  
Тел.: +7 (7272) 63 35 87   
Факс: +7 (7272) 63 37 68   
E-mail: 
[email protected]  

Португалия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Сарыарқа көшесі, 6

"Арман" бизнес орталығы
Тел.: +77172 76 83 02
E-mail: [email protected]

 

 

 

Румыния 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана  қаласы, 
Сарайшық көшесі, 28  
Тел.: +7 (7172) 28 62 01  
Факс: +7 (7172) 28 62 03  
E-mail: [email protected]

[email protected]  

Website: http://astana.mae.ro/ 

Словакия 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 5 қабат
Тел.: +7 (7172) 79 06 88 
Факс: +7 (7172) 79 06 88 

Email: [email protected]
Website: www.mzv.sk/astana

 

 

 

Словения 

Ресей 127006  
Мәскеу қаласы,
Малая Дмитровка көшесі,
14/1  
Тел.: + 7 (495) 737 63 55/98  
Факс: +7 (495) 694 15 68  
E-mail: [email protected]

 

 

 

 

Испания 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Шұбар шағын ауданы, 
Космонавтов көшесі,
62А, 10 қабат 
Тел.: +7 (7172) 95 88 08   
Факс: +7 (7172) 95 88 09
E-mail: [email protected]

[email protected]

Website: https://www.exteriores.gob.es/

Embajadas/astana/es/Paginas/index.aspx 

Швеция 

Қазақстан Республикасы 
010000 
Астана қаласы, 
Самал шағын ауданы,12 
Астана Тауэр 17 қабат 
Тел.: +7 (7172) 59 18 08
Факс: +7 (7172)59 18 06  
E-mail: 
[email protected] 

 

 

 

  

  • Image
    Flags of the European Union Countries

    ЕО елдерінің тулары

    Copyright: Georges Boulougouris, European Union 2019.

  • Image
    Erasmus+ student

    Еуропада білім алу 

    Copyright: Dati Bendo, European Union 2019 

Оқу

Erasmus+ 

Erasmus+ – Еуропалық Одақтың оқуға, жаттығуға, жастарға және спортқа арналған бағдарламасы. Ол Erasmus Mundus деп аталатын халықаралық алмасу бағдарламасын қоса бірнеше ескі бағдарламаның орнын басады. 

2021-2027 жылдарға арналған бағдарлама әлеуметтік инклюзия, жасыл және цифрлық технологияларға көшу, жастардың демократия үрдістерінде қатысуын арттыру мәселелеріне басымдық береді. 

Лингвистикалық қолдау, өтініш берушілерге арналған құжаттар және ұсыныстарды өңдеу туралы қосымша ақпаратты Erasmus+ веб порталының Ресурстар бөлімінен көріңіз. 

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі Эразмус + бағдарламасының жоғарғы білім алу бойынша халықаралық тәжірибені жергілікті енгізу бойынша қолдау көрсетеді. 

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі 

Қазақстан, 050059, Алматы қаласы, 

әл-Фараби даңғылы, 21, AFD Plaza, 

9-шы блок, 225-226 кеңсе,. 

Тел.: +7 727 3118643  +7 727 3118645 

E-mail: [email protected]  

Вебсайт: https://erasmusplus.kz 

Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы 

Қазақстанның жас кәсіби мамандары Еуропаға Еуропалық Одаққа келіп кетушілер бағдарламасы (EUVP) арқылы оқу курстарына бара алады. Бұл бағдарлама ЕО құндылықтары, қызметтері, іс-шаралары және саясаттары туралы білу мүмкіндігін береді. 

EUVP бағдарламасы мемлекет өкілдері, журналисттер, мұғалімдер және қайырымдылық қорлары мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері үшін ашық. 

Өтініштер мына мекенжайға жіберілуі керек:  

EUVP координаторы 
Еуропалық Одақ делегациясы 
62, Космонавттар көшесі 
Астана, Қазақстан 010000 

Хат қысқа, ағылшын тілінде болуы және мынаны қамтуы керек:  

  • Өтініш берушінің ағымдағы лауазымы. 
  • Өтініш берушінің қызмет саласы.
  • Еуропада оқитын сала туралы ақпаратты, әсіресе оның өтініш беруші қызметінің мақсаттарына не қатысы бар екенін көрсетіңіз. 
  • Толтырылған өтініш формасы.
  • Егжей-тегжейлі түйіндеме. 

Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі – әр жылдың 1 наурызы. 

Өтініштер 1 наурызға ДЕЙІН делегация кеңсесіне ағылшын тілінде (түпнұсқалардың қағаз көшірмелері қажет)

 

ЕО ақпараттық орталықтары

Еуропалық Одақтың тарихына және ағымдағы оқиғаларына, оның стратегиялары мен интеграциялық үдерістерінің болшағына жұртшылықтың қолжетімдігін кеңейту мақсатында, ЕО бүкіл әлемде қоғамдық Ақпараттық Орталықтар ашуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай екi орталық қызмет етуде. 

Бірінші Ақпараттық Орталық 1998 жылы Қазақстанда, Алматы қаласында ашылды.  2007 жылы Астанада Ақпараттық Орталық құрылды. Ақпараттық Орталық Орталық Азия елдерінің ірі университеттерінің жанында жұмыс істейді. 

Орталықтардың міндеттері: 

  • Еуропалық Одақ, оның саясаты мен қызметі туралы ақпаратты кеңінен тарату. 
  • Еуропалық интеграция саласында сабақ беруді және зерттеу қызметін таратуға және жандандыруға көмектесу. 
  • Еуропалық Одақпен, соның ішінде басқа ақпараттық орталықтармен және қажет болса, білім беру желілерімен байланысты мәселелер жөніндегі талқылауларға қатысу. 
  • Еуропалық Одақтың және Еуропалық Комиссия Өкілдігінің Орталық Азиядағы қызметі мен саясаты туралы ақпарат беру болып табылады. 

Басқа сөздермен айтқанда, Еуропалық Ақпараттық Орталықтар университеттердің студенттері мен оқытушыларын Еуропалық Одақ жөніндегі барлық қолжетімді ақпараттық материалдармен (негізінен - әдебиетпен) қамтамасыз етеді. Ақпараттық Орталықтар Еуропалық Бірлестіктің оларға берген жарияланымдарын өңдейді, каталогтайды және индекстейді. Сондай-ақ, бұл Орталықтар  келушілерге Интернет арқылы Еуропалық Одақ туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. 

Байланыстар 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ 

Астана
Еуразиялық Ұлттық Университет 
Янушкевич көш., 6, 226-офис 
Тел.: 7 7172 372-429 

Алматы  
Қазақ Ұлттық Университеті 
Халықаралық Қатынастар Факультеті 
Әл Фараби даңғ. 71, №8-ғимарат  

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО БҰРЫШТАРЫ 

Еуропалық Одақ пен Қазақстанның өзара әрекеттестігі туралы қоғамның хабардарлығын көтеру мақсатында, Еуропалық Одақ Өкілдігі университет кітапханаларының иелігіне «ЕО бұрышы» атауымен ақпараттық пакетті береді. Қазақстанда жобаның эксперименттік кезеңі 2008 жылы басталды. Қазіргі уақытта ЕО 15 тұрақты Бұрыштары  Қазақстанның өңірлеріндегі университеттік кітапханаларды Еуроодақ туралы барлық ақпарат көздерімен, негізінен әдебиетпен, брошюралармен, аудиокөру, жарнамалық және басқа материалдармен жабдықтайды.