Еуропалық Одақпен қарым-қатынас
Еуропалық Одақ және Қазақстан
Саяси қарым-қатынастар
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып табылады. 2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) қол қойылды. Еуроодақтың Орталық Азиядағы серіктесімен алғаш қол қойылған бұл жаңа Келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы қатынасты жаңа деңгейге жетелеп, олардың 25 жылдық ынтымақтастық тарихында маңызды межені белгілейді.
2020 жылғы наурыздың 1-ші жұлдызында Еуропалық Одақтың барлық мүше мемлекеттері мен Еуропалық Парламент ратификациялаған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) күшіне енеді. КӘЫК Еуроодақ пен оған мүше мемлекеттердің Қазақстанмен ынтымақтастығын келесі маңызды салаларда нығайтуды көздейді: өзара сауда мен инвестицияларға ықпалдасу, әділсот пен құқықтық тәртіп мәселелері, экономикалық және қаржы саласындағы ынтымақтастық, энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат, мәдениет және ғылыми зерттеу жұмысы.
Өңірлік деңгейде, 2019 жылы қабылданған ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясы өңірдегі жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, ортақ сын-қатерлерге бірге төтеп беру және өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін іргелі негіз құрайды.
Сауда-экономикалық қарым-қатынастар
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасында тығыз сауда-экономикалық әріптестік қалыптасты.
- ЕО Қазақстанның бірінші сауда әріптесі, Еуроодақ Қазақстанның сыртқы сауда айналымында 40% үлесін иеленеді.
- ЕО Қазақстанның бірінші инвесторы, 2018 жылы ЕО-ның тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағымындағы үлесі 48% және жалпы көлемі шамамен 60% құрады.
Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды реттейді. КӘЫК-тің сауда және кәсіпкерлік туралы бөлімдері сауда және инвестициялық қатынастардың дамуына еуропалық пен қазақстандық компаниялар үшін нормативтік-құқықтық ортаны жетілдіру арқылы келесі салаларда ықпал етеді:
- қызметтер саудасы.
- компанияларды құру және оларды басқару.
- капитал қозғалысы.
- шикізат материалдары мен энергетика.
- мемлекеттік сатып алу.
- зияткерлік меншік құқығы бағыты.
2023 жылдың мамыр айында Еуропалық Комиссия Еуропалық Кеңестен ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдері, шараптар мен спирттік ішімдіктер үшін географиялық көрсеткіштерді (ГИ) қорғауға қатысты КӘЫК қосымша хаттамасы бойынша Қазақстанмен келіссөздер жүргізуге мандат алды.
2022 жылғы 7 қарашада Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйен мен Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстанмен маңызды шикізат саласындағы стратегиялық серіктестік маңызды шикізатты сенімді, әртараптандырылған, қолжетімді және тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған ЕО саясатының бір бөлігі болып табылады.
Өзара түсіністік туралы меморандум қазіргі геосаяси контексте ынтымақтастықты кеңейтудің саяси негізін қалайды және жасыл және цифрлық технологияларға көшу, сондай-ақ энергия өндірісін декарбонизациялау үшін маңызды шикізат пен тазартылған материалдарды сенімді және тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңартылатын сутегі мен батареялардың құн тізбегін дамытуға бағытталған бұл Меморандум екі жақтың экономикасының жасыл және цифрлық дамуына ықпал етеді. Қазақстанмен 2023-2024 жылдарға арналған және Өзара түсіністік туралы Меморандумның мақсаттарына қол жеткізу бойынша нақты іс-шараларды айқындайтын «Жол картасы» келісілді.
Жоғары деңгейде талқылау
Сауда-экономикалық байланыстар ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жыл сайынғы отырыстары шеңберінде жүйелі түрде талқыланады, онда олардың әріптестіктегі шешуші рөлі атап көрсетіледі.
Сауда, инвестициялар және кеден мәселелері жөніндегі техникалық талқылаулар Брюссель мен Астанада жүйелі түрде өтетін Ынтымақтастық жөніндегі комитеттің және Сауда конфигурациясы бойынша ынтымақтастық комитеті мен Кедендік ынтымақтастық бойынша кіші комитеттің отырыстарында тұрақты өткізіледі.
2019 жылдың шілде айында Қазақстан Үкіметі мен ЕО арасындағы тұрақты және тікелей диалогты қамтамасыз ететін жоғары деңгейдегі экономикалық және іскерлік мәселелер жөніндегі Диалог платформасы (Іскерлік платформа) құрылды. Платформа аясында тараптар еуропалық пен қазақстандық бизнес өкілдерінің ортақ мүдделеріне жауап беретін мәселелерді талқылайды, соның ішінде саудадағы техникалық кедергілерді азайту, агро азық-түлік секторындағы ынтымақтастық, салық заңнамасы, атап айтқанда салық бойынша құқық бұзушылықтардың қылмыс деп танымау мәселесі.
Еуропалық Одақтың сауда келісімдері мен ережелері туралы ақпарат Access2Markets онлайн порталында қолжетімді.
Қоршаған орта және климаттың өзгеруі
Қоршаған орта және климаттың өзгеруі бойынша екіжақты диалог КӘЫК-ға сәйкес энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитет шеңберінде өтеді.
Қазақстан - қоршаған орта мен су ресурстары бойынша ЕО-Орталық Азия ынтымақтастық платформасы аясында ұйымдастырылған Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі ЕО-Орталық Азия жұмыс тобының белсенді мүшесі.
2019 жылдың желтоқсан айында Еуропалық Комиссия Еуропалық жасыл бағытын ұсынды. Бұл климат пен қоршаған орта мәселелерін шешу арқылы барлық басқа салаларда жаңа мүмкіндіктерді ашу және жасыл дамуға көшудің әділ болуы арқылы Еуропалық Одақтың экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс картасы.
2016 жылдың 6 желтоқсанда Қазақстан Париж келісімін бекітті. Париж келісіміндегі Қазақстанның ұлттық салымы парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 15% -ға азайтуды мақсат етеді.
ЕО Қазақстанның жасыл экономикаға көшу бойынша Қазақстанның ұлттық бағдарламасын қолдайды.
Қосымша ақпарат үшін ЕО жобалары парақшасына өтіңіз.
Энергетика саласындағы қарым-қатынастар
Қазақстанның экономикасы негізінен мұнай секторынан, сондай-ақ көмір мен уранды және басқа маңызды шикізат материалдарды шығарудан тұрады. Қазақстан ЕО-ның энергия ресурстарының ірі жеткізушісі және ЕО үшін энергия көздерінің әртараптануына үлес қосады.
Қазіргі уақытта экспортталатын қазақстандық мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 70% Еуроодақ елдеріне келеді, бұл ЕО мұнай импортының жалпы көлемінің шамамен 6% сәйкес. Қазақстан мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше емес елдер арасында, Ресей мен Норвегиядан кейін ЕО-ның үшінші ірі жеткізушісі. Қазақстан газды Ресей, Украина және Қытайға экспортқа шығарады.
Қазақстан Энергетикалық хартияға мүше және оның жұмысын жаңғырту талқылауларына белсенді ат салысады.
Екіжақтық ынтымақтастықты орнатқан уақыттан бері Қазақстан мен ЕО арасында энергетика саласында орнықты және өзара тиімді қарым-қатынастар орнады. Ірі еуропалық энергетикалық компаниялар Қазақстанның мұнайгаз саласына айтарлықтай қаражат салды. Екінші жақтан, Қазақстандық Ұлттық мұнайгаз компаниясы «ҚазМұнайГаз» мұнайды өңдеу үшін, Оңтүстік Шығыс Еуропа және Шығыс әріптестік елдерінде мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы үшін ЕО аумағындағы елеулі активтерді бақылайды.
Қазақстан уранның ірі қорларына ие және ЕО атом өнеркәсібі үшін (импорттың 21%) ірі жеткізуші болып, әлемде уран шикізаты өндірісі мен экспорты бойынша бірінші орын алады. Қазақстаннан Еуропалық Одаққа жасалатын мұнай мен уран экспорты өте маңызды. Ол Еуропа континентінің энергетикасын әртараптандыруға жағымды үлесін қосады.
Энергетика саласындағы ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы
ЕО энергетикалық ландшафтысында Қазақстанның нығайтушы рөлін энергетика саласында қалыптасқан құқықтық және институционалды екі жақты ынтымақтастық жүйесі дәлелдейді. Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісімде ортақ мүдде, өзара кепілдік, ашықтық пен болжамдық қағидаттары негізінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін энергетика саласында кеңейтілген, тұрақты және тиімді ынтымақтастық қажеттілігі мойындалады.
2006 жылы қол қойылған Энергетика саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумда ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың практикалық аспектілері қарастырылады, олар:
- энергетикалық қауіпсіздік пен инвестициялар; жеткізу қауіпсіздігін күшейту.
- сұранысты болжау.
- өзара мүдде болып табылатын көлік инфрақұрылымын салу/жаңғырту.
- өнеркәсіптік ынтымақтастықты (барлау және өндіру, өңдеу және іске асыру) жылжыту сияқты және т.б. мәселелерді қамтиды.
Сонымен қатар атомдық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды, оларда энергияның бұл түрін бейбіт мақсаттарда пайдалануға қатысты аспектілерден басқа, айрықша мәселелер, атап айтқанда ядролық қауіпсіздік пен ядролық синтез мәселелері де қарастырылды.
Тиісті келісімдерді іске асырумен байланысты мәселелерді талқылау үшін ЕО мен Қазақстанның лауазымды адамдарының қатысуымен кезеңдік кеңестер ұйымдастырылады.
ЕО қаржыландыратын энергетикалық бағдарламаларға және бастамаларға Қазақстанның қатысуы
Қазақстанның аумағында Халықаралық атом энергиясы агенттігіне тиесілі және оның бақылауында болатын, бұл ретте Банкті басқаруды ҚР заңнамасына, МАГАТЭ қауіпсіздігі жөніндегі стандарттары мен нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Үкіметі жүзеге асыратын төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құруға ЕО жоғары деңгейде саяси қолдау және айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті. Банк ядролық энергияны, ТБУ кепілді қорын коммерциялық нарықта немесе өзге тәсілмен оны алу мүмкін болмаған жағдайда, бейбіт пайдалану бағдарламасын іске асыратын елдерді қамтамасыз етуге арналған.
Энергетикалық хартияға Шарт шеңберінде ЕО мен Қазақстан әріптес болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан бәсекеге қабілетті энергетикалық нарықтарды құру, жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту және оны тиімді пайдалану жөніндегі EU4Energy техникалық көмек бағдарламасының бенефициары болып табылады.
Даму мақсатындағы ынтымақтастық
ЕО мен Қазақстан бірқатар көмек көрсету құралдары шеңберінде даму мақсатындағы тығыз ынтымақтастықты орнатты.
Қазақстан ЕО тарапынан қаржылық және техникалық көмекті келесі құралдар шеңберінде ала алады: Демократияға және адам құқықтарына көмектесу еуропалық құралы (EIDHR), Тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесу құралы (IcSP), Ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық құралы, Әріптестік құралы, сондай-ақ білім сапасын көтеруге көмектесу және студенттермен алмасуды көздейтін "ERASMUS +" бағдарламасы жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан шамамен 120 миллион еуро көлеміндегі аймақтық бағдарламалардан көріп отыр. 2023 жылы ЕО пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) жүзеге асыру үшін қолдау көрсету мақсатында шамамен 9 миллион еуроны құрайтын екіжақты қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Қосымша ақпарат үшін ЕО жобалары парақшасына өтіңіз.
Адам құқықтары
Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім Қазақстанға реформа жүргізу мен жаңғырту үдерістерінде қолдау көрсетіле отырып, демократия, заң үстемдігі, адам құқықтары мен негізгі бостандықтар мәселелеріне ерекше мән беріледі. Қазақстан мен ЕО жыл сайын бірге Сот әділдігі мен ішкі істер жөніндегі кіші комитет және Адам құқықтары жөніндегі диалог отырысын өткізеді.
Адам құқықтары жөніндегі диалог отырыстарында адам құқықтарына байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланады, соның ішінде:
- пенитенциарлық жүйе, азаптау мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу.азаматтық қоғам.
- ассоциациялар мен бейбіт жиналыстар бостандығы.
- әйелдер мен балалар құқықтары, кемсітушілікке жол бермеу.
- сөз бостандығы.
- дін немесе сенім бостандығы мәселелері.
Сот әділдігі мен ішкі істер жөніндегі кіші комитет отырыстары – бұл заң үстемдігі, тиімді басқару мен сот жүйесін реформалау, заң саласындағы ынтымақтастық, ақшаның ізін жасыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес, көші-қон, баспана құқығы мен шекара басқару, терроризмге қарсы күрес және зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу мәселелерін талқылау мүмкіндігі.
ЕО қолдауы Еуропалық Демократия және Адам құқықтары құралы (EIDHR) мен Даму жөніндегі ынтымақтастық құралы (DCI) Мемлекеттік емес актерларды қолдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағдарламасына (NSA-LA) негізделген.
EIDHR – қаржылық-саяси құрал, оның мақсаты демократиялық қайта құрудың, құқық ұлықтығының және бүкіл әлемдегі адамдардың барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарының дамуына және шоғырлануына көмектесу болып табылады. Осы мақсатты көздей отырып, EIDHR азаматтық қоғам ұйымдарының рөліне үлкен назар аударады және ұлттық деңгейде АҚҰ-мен ынтымақтастықтың негізгі кезі болып табылатын әрекеттер тәуелсіздігін қарастырады. Сонымен, EIDHR күрделі саяси мәселелерді және инновациялық тәсілдерді қарауға бағытталған.
NSA-LA бағдарламасы 2007 жылдан бастап жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік емес субъектілер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының инклюзивті және тұрақты өсуді жылжыту әрі әлеуметтік қызметтер ұсыну жөніндегі бастамаларын қолдау арқылы әлеует құру болып табылады.
Қазіргі уақытта Астанадағы ЕО Өкілдігі жалпы сомасы 2 миллион еуро құрайтын Еуропалық Демократия және Адам құқықтары құралының ағымдағы бес жобасын басқаруда.
Жоба келесі бағыттарды қамтиды:
- Қазақстанда адам құқықтары мен демократиялық реформаларды ілгерілету, атап айтқанда сөз бостандығы, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығын қамтамасыз ету.
- «Адами өлшем бойынша үнқатысу алаңы» консультативтік-кеңес беру органының жұмыс тобы мен кіші топтарындағы жұмыс арқылы адами өлшем мен заң шығару үдерісі саласындағы азаматтық қоғам ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты институцияландыруға ықпал ету.
- Орталық Азияда адам құқықтарын қорғаушылар қоғамдастығын құру үшін әйел құқық қорғаушыларға қолдау көрсету.
- халықаралық стандарттарға сәйкес мүгедектердің еркін жүріп-тұру және объектілер мен қызметтерге тең қол жеткізу құқығын қорғау және қамтамасыз ету.
- мигранттардың олардың құқықтарының қорғалуын, құрметтелуін және адам құқықтарының халықаралық стандарттарға сәйкес құрметтелуін қамтамасыз ету үшін сот төрелігіне қол жетімділікті кеңейту.
Азаматтық қоғам ұйымдарымен (АҚҰ) диалог тақырыптардың кең спектрі бойынша және әртүрлі форматтарда ЕО араласу басымдықтарымен қатар азаматтық қоғаммен әрекеттесу жөніндегі ЕО елдік картасына сәйкес жүзеге асырылады.
Global Gateway
Global Gateway – Еуропалық Одақтың бүкіл әлем бойынша цифрлық, энергетикалық және көлік секторларында «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз байланыстарды дамытудың тың стратегиясы. Ол БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне, Орнықты даму мақсаттарына және климат өзгерісі жөніндегі Париж келісіміне толық сәйкестікте денсаулық сақтау, білім беру және зерттеу жүйелерін нығайтуға бағытталған.
'Team Europe' бастамасы аясында ЕО, оған мүше мемлекеттер, қаржы және даму институттары жеке сектормен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – бүкіл әлем бойынша трансформациялық әсерді қамтамасыз ететін инвестицияларды жұмылдыру.
Қазақстанда, мемлекет деңгейінде, «Global Gateway» стратегиясы шикізат, аккумуляторлық батареялар мен «жасыл» сутегі салаларындағы стратегиялық серіктестікке бағытталған.
Кеңірек аймақтық контексте «Global Gateway» аса маңызды шикізатпен ғана шектелмей, Орталық Азиядағы, сондай-ақ Моңғолиядағы орнықты және инклюзивті дамуға ықпал ететін спутниктік байланыс пен көлік сияқты маңызды салаларды қамтиды.
Континенттер мен қауымдастықтарды байланыстыра отырып, «Global Gateway» тұрақты, «жасыл» әрі өзара байланысты әлем қалыптастырады.
Флагмандық жобалар – Қазақстан:
Орталық Азиядағы цифрлық байланыс
Цифрлық байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған «Global Gateway» бастамасы Орталық Азияда бизнес пен азаматтар үшін сенімді спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қолжетімділікті кеңейтеді.
«Цифрлық байланыс» бастамасы аймақтағы цифрлық теңсіздікті азайтуға мүмкіндік беріп, «соңғы миль» негізіндегі инклюзивті цифрлық қызметтерін дамытуға ықпал етеді. ЕО, сондай-ақ, Орталық Азияны ЕО үшін әзірленген бағдарламалар мен бастамаларға тартатын болады. Бұл бастама Азия-Тынық мұхиты аймағына арналған Digital4Development Hub алаңының алғашқы нақты жүзеге асырылуы болады.
Оның негізгі мақсаттары төмендегідей:
- Орталық Азияда цифрлық байланыс пен цифрлық экономиканы дамытуға септігін тигізу
- өткізгіштік қабілеті жоғары интернет желісін дамыту, халықаралық трафикке қолжетімділікті кеңейту және Еуропа мен Орталық Азия арасында қауіпсіз байланыс құру арқылы аймақтағы коммуникациялар жетіспеушілігі мәселесін шешу
- аймақтағы цифрлық теңсіздікті азайту және оның жалпы экономикаға тигізетін оң әсерін қамтамасыз ету
Қазақстанмен шикізат, аккумуляторлық батареялар және «жасыл» сутегі саласындағы стратегиялық серіктестік
Бұл бастаманың мақсаты – шикізат пен қайта өңделген материалдардың сенімді әрі тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету. Ол, сондай-ақ, екі серіктестің экономикасында «жасыл» және цифрлық трансформацияны жүргізу үшін «жасыл» сутегі мен аккумуляторлық батареялар құн тізбегін дамытуға бағытталған.
Қазақстанмен стратегиялық серіктестік Қазақстанның және ЕО-тың экономикасы үшін жаңа әрі экологиялық жағынан таза негіз құру мақсатында шикізат, қайта өңделген материалдар мен «жасыл» сутегінің сенімді және тұрақты жеткізілімдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қазба отынға тәуелділіктен арылуға ықпал етеді. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік Еуропаның «жасыл» және тұрақты болашақты құру үшін серіктес елдермен бірлесіп жұмыс істеуге бейілділігін көрсетеді.
Бұл бастама «Global Gateway» стратегиясы мен «REPowerEU» жоспарының мақсаттарына сәйкес келеді.