Біз туралы
Біз туралы
Бұл парақшада Қазақстандағы ЕО Өкілдігі (қызметі және кеңсесі) туралы ақпарат берілген.
Қызметіміз
Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі 1994 жылы ашылды. Алғаш кеңсе Алматы қаласында орналасып, Орталық Азиядағы тұңғыш ЕО Өкілдігі болды.
2007 жылы Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің бас кеңсесі мемлекеттің жаңа ордасы – Астана қаласына көшірілді. Алматыдағы кеңсе 2010 жылғы 1 қарашада жабылып, оның барлық қатысты қызмет орындары Астанаға көшірілді.
Өкілдіктің қызметі:
- Қазақстандағы ЕО мүдделерін қорғау.
- ЕО елдерінің елшіліктерін біріктіру.
- Саяси ынтымақтастық, экономика, сауда және сыртқы көмек сияқты салалардағы қарым-қатынастарды әсіресе ЕО-Қазақстан Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімін қолдану арқылы дамыту.
- ЕО саясаттарын барлық салаларда әсіресе ЕО-Орталық Азия: Жаңа серіктестік стратегиясы арқылы жүзеге асыру.
- ЕО құндылықтары мен мүдделерін алға жылжыту және қорғау.
- ЕО туралы хабардарлықты арттыру.
Кеңсеміз
Кеңсенің құрылымы:
- Өкілдік Басшысы.
- Саясат, баспасөз және ақпарат бөлімі.
- Сауда мәселелері бөлімі.
- Ынтымақтастық бөлімі.
- Қаржы және келісімшарттар бөлімі.
- Әкімшілік бөлімі.