Біріккен ұлттар ұйымы күні: Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Жозеп Борреллдің мәлімдемесі
1945 жылдың маусым айында екі дүниежүзілік соғыстың қасіретін көрген ұрпақтардың үмітін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуі ақтады. 1945 жылдың қазанында елдердің басым көпшілігі Жарғыны ратификациялап, Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниеге келді.
78 жылдан кейін 193 мүше-мемлекеті бар БҰҰ жаһандық көпжақты жүйенің іргетасы болып, елдер арасындағы ашық әрі шынайы диалог арқылы жарқын болашаққа үміт беріп келеді.
Кез келген ғимараттың ең маңызды бөлігі - оның іргетасы дегенмен әр сәулетші келіседі. Қазіргі сын-қатерлер саны көбейіп, күрделілігі арта түскеніне қарамастан, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттары мен құндылықтары 78 жыл бұрын қандай өзекті болса, бүгін де сондай өзекті болып қалуда.
Дегенмен, әлемдегі қазіргі жағдайға қарап, Жарғының жетекші қағидаттарынан қалай және қашан алшақтап кеттік деген сұрақ туындайды.
Сондықтан бүгін БҰҰ-ның іргелі әрі ортақ мақсатына берік екендігімізді көрсету бұрын соңды болмағандай маңызды: әлемнің әр бөлігіндегі адам үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікті, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты, әлеуметтік өрлеу мен өмір сүру деңгейінің жоғары болуын және адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
ЕО Жарғынының әмбебап ережелері мен құндылықтарын қорғап, қолдай отырып, БҰҰ-мен бірге тығыз жұмыс істеуде. Бұл жұмыс бірқатар бастамалар аясында жүзеге асырылуда – 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінен бастап, Бірыңғай күн тәртібімізде белгіленген БҰҰ-ның ауқымды реформалар пакетіне және 2024 жылғы Болашақ саммитіне дайындыққа дейін.
Әлем алдында тұрған көптеген бейбітшілік пен қауіпсіздік сын-қатерлерін, сондай-ақ климат пен цифрлық басқару сияқты жаһандық мәселелерді шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымының көшбасшылығы мен қатысуының маңыздылығы сақталып отыр.
Осы күні БҰҰ тарихы қалай басталғанын еске түсірейік. БҰҰ негізін қалаушылардың көзқарасы бізге жарқын болашақ құру жолында шабыт берсін.
Еуропалық Одақ Біріккен Ұлттар Ұйымының әр қадамын қолдайтын болады.