This isn't an official website of the European Union

Global Gateway - бүкіл әлем бойынша цифрлық, энергетикалық және көлік секторларында «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз байланыстарды арттыруға және денсаулық сақтау, білім беру және зерттеу жүйелерін нығайтуға арналған еуропалық стратегия. 'Team Europe' бастамасы арқылы Global Gateway тұрақты өсуге ықпал ететін инвестицияларды тарту үшін жеке секторды жұмылдыру мақсатында ЕО, оған мүше мемлекеттер және олардың қаржы және даму институттарын біріктіреді.

 2021 және 2027 жылдар аралығында Team Europe серіктес елдердің қажеттіліктерін ескере отырып және жергілікті қауымдастықтарға арналған ұзақ мерзімді артықшылықтарды қамтамасыз ете отырып, тұрақты, трансформациялық және жоғары сапалы жобаларға 300 миллиард еуроға дейін инвестиция жұмылдырады. Бұл ЕО серіктестеріне икемді және тұрақты қоғамдар мен экономикаларды құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар ЕО мүше мемлекеттерінің жеке секторына инвестиция салу және бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу үшін мүмкіндіктер жасайды, сонымен бірге ең жоғары экологиялық және еңбек стандарттарын, сондай-ақ дұрыс қаржылық басқаруды қамтамасыз етеді.

Қазақстанда, мемлекет деңгейінде, «Global Gateway» стратегиясы шикізат, аккумуляторлық батареялар мен «жасыл» сутегі салаларындағы стратегиялық серіктестікке бағытталған.

Кеңірек аймақтық контексте «Global Gateway» аса маңызды шикізатпен ғана шектелмей, Орталық Азиядағы, сондай-ақ Моңғолиядағы орнықты және инклюзивті дамуға ықпал ететін спутниктік байланыс пен көлік сияқты маңызды салаларды қамтиды.

Континенттер мен қауымдастықтарды байланыстыра отырып, «Global Gateway» тұрақты, «жасыл» әрі өзара байланысты әлем қалыптастырады.

Флагмандық жобалар – Қазақстан:

Орталық Азиядағы цифрлық байланыс

Цифрлық байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған «Global Gateway» бастамасы Орталық Азияда бизнес пен азаматтар үшін сенімді спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қолжетімділікті кеңейтеді.

«Цифрлық байланыс» бастамасы аймақтағы цифрлық теңсіздікті азайтуға мүмкіндік беріп,  «соңғы миль» негізіндегі инклюзивті цифрлық қызметтерін дамытуға ықпал етеді. ЕО, сондай-ақ, Орталық Азияны ЕО үшін әзірленген бағдарламалар мен бастамаларға тартатын болады. Бұл бастама Азия-Тынық мұхиты аймағына арналған Digital4Development Hub алаңының алғашқы нақты жүзеге асырылуы болады.

Оның негізгі мақсаттары төмендегідей:

  • Орталық Азияда цифрлық байланыс пен цифрлық экономиканы дамытуға септігін тигізу
  • өткізгіштік қабілеті жоғары интернет желісін дамыту, халықаралық трафикке қолжетімділікті кеңейту және Еуропа мен Орталық Азия арасында қауіпсіз байланыс құру арқылы аймақтағы коммуникациялар жетіспеушілігі мәселесін шешу
  • аймақтағы цифрлық теңсіздікті азайту және оның жалпы экономикаға тигізетін оң әсерін қамтамасыз ету

Қазақстанмен шикізат, аккумуляторлық батареялар және «жасыл» сутегі саласындағы стратегиялық серіктестік

Бұл бастаманың мақсаты – шикізат пен қайта өңделген материалдардың сенімді әрі тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету. Ол, сондай-ақ, екі серіктестің экономикасында «жасыл» және цифрлық трансформацияны жүргізу үшін «жасыл» сутегі мен аккумуляторлық батареялар құн тізбегін дамытуға бағытталған.

Қазақстанмен стратегиялық серіктестік Қазақстанның және ЕО-тың экономикасы үшін жаңа әрі экологиялық жағынан таза негіз құру мақсатында шикізат, қайта өңделген материалдар мен «жасыл» сутегінің сенімді және тұрақты жеткізілімдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қазба отынға тәуелділіктен арылуға ықпал етеді. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік Еуропаның «жасыл» және тұрақты болашақты құру үшін серіктес елдермен бірлесіп жұмыс істеуге бейілділігін көрсетеді.

Бұл бастама «Global Gateway» стратегиясы мен «REPowerEU» жоспарының мақсаттарына сәйкес келеді.

Қосымша ақпарат: Global Gateway