This isn't an official website of the European Union

Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдеріне арналған ЕО сауалнамасы

Сауалнаманы толтыру мерзімі 2022 ж. 11 сәуіріне дейін ұзартылды.

Құрметті серіктестер, Қазақстандағы азаматтық қоғам өкілдері,

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі 2021-2027 жылдар аралығында азаматтық қоғаммен өзара қатынас бойынша ЕО Жол картасын жаңарту шеңберінде жүргізілетін сауалнама туралы хабарлайды.

Қазақстандағы азаматтық қоғаммен істің жағдайы туралы нақтырақ түсінік қалыптастыру мақсатында, төменде келтірілген сауалнаманы толтыруды сұраймыз. Сауалнамада бірқатар тікелей сұрақтар бар, өзіңіздің ұйымыңызға қатысы жоқ кез-келген сұрақты өткізіп жібере аласыз. Сауалнаманы толтыру мерзімі 2022 ж. 11 сәуіріне дейін ұзартылды.

Осы сауалнамаға қатыса отырып, сіз азаматтық қоғам тап болатын негізгі проблемаларды белгілей отырып, Қазақстандағы азаматтық қоғаммен жағдайдың қалай дамып жатқаны туралы өз пікіріңізбен бөлісе аласыз. Сіздің пайымдарыңыз бізге салыстырмалы ақпарат, деректер алуға және ЕО-ның Қазақстандағы азаматтық қоғаммен неғұрлым тиімді өзара әрекеттесуін қолдау үшін нақты іс-әректтер жасауға мүмкіндік бере отырып, азаматтық қоғамның рөліне қатысты стратегиялық аспектілерді көрсету үшін маңызды мәнге ие болады. Сіздің жауаптарыңызға сүйене отырып, ЕО 2021-2027 жж. кезеңге арналған Қазақстандағы АҚҰ-ны қолдау стратегиясына өзгерістер енгізеді.

Осы сауалнамаға берілетін барлық жауаптар максималды құпиялылықпен қарастырылатынына назар аударамыз. Анонимдік сандық және сапалық нәтижелер талданып, Қазақстандағы АҚҰ-мен өзара әрекеттесу бойынша ЕО Жол картасын жасау кезінде пайдаланылатын болады.

EN: https://www.surveymonkey.com/r/SR6GK2B
KAZ: https://ru.surveymonkey.com/r/NWMCZ82
RUS: https://ru.surveymonkey.com/r/TPJB3S2