Тұрақты өзара байланыс саласындағы ынтымақтастық тақырыбындағы Қазақстан – ЕО Жоғары деңгейдегі диалог платформасының 9-шы отырысы
ЕО тұрақты өзара байланыс, атап айтқанда заманауи, сенімді, экологиялық таза және тиімді темір жолдар мен теміржол жолаушылар тасымалы, қазіргі геополитикалық ахуалда әсіресе маңызды Орта дәлізді дамыту, сондай-ақ азаматтық авиацияның серпінді дамуы, заманауи және сенімді цифрлық желілер салаларындағы тығыз ынтымақтастыққа деген қызығушылықтың өсіп келе жатқанын қолдайды.
2021 жылдың желтоқсанында Еуропалық Комиссия «Global Gateway» стратегиясын ұсынды. Бұл стратегия негізгі аймақтар мен жобалар үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ете отырып, инвестицияларды инфрақұрылымға бағыттайтын жан-жақты негіз қалаушы құжат болып табылады.
«Global Gateway» 2018 жылғы ЕО – Азия өзара әрекеттесу стратегиясына негізделген. Оның себебі - «Global Gateway» стратегиясының географиялық ауқымын кеңейтіп, жаһандық сипат беру. Бұл стратегияда кеңірек салалық қамту ойластырылған - COVID-тен кейін қалпына келтіру және COP26-дан алынған сабақтар - және денсаулық сақтау, білім беру, зерттеулер мен инновацияларды қоса алғанда, энергетика, цифрлық, көлік және адамдар арасындағы байланыс шеңберінен тыс мәселелер қарастырылады. «Global Gateway» аясында 2021 және 2027 жылдар аралығында Еуропалық тұрақты даму қоры+ (EFSD+) және ЕО мүше мемлекеттерінің қаржы және даму институттарының жарналары арқылы 300 миллиард еуроға дейін жететін қаражат жұмылдырады деп күтілуде.
Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, Қазақстанмен тұрақты өзара байланыс саласында тығыз ынтымақтастық орнатудың берік негізі болып табылады. Сонымен қатар ЕО шілде айында Самарқанд қаласында өткізілуі жоспарланған ЕО пен Орталық Азия арасындағы өзара байланысы жөніндегі конференцияны асыға күтуде.Жоғары деңгейдегі диалог платформасы КӘЫК шеңберіндегі ЕО – Қазақстан техникалық диалогының жұмысын, атап айтқанда, 2022 жылдың наурыз айында өткен Сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің жұмысын толықтырады.
Анықтамалық ақпарат2020 жылдың 1 наурызынан бастап толық күшіне енген ЕО мен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) қызметтерді сату, компанияларды құру және олардың қызметі, капитал қозғалысы, шикізат, энергетика, зияткерлік меншік құқығы және басқа да салаларда бизнес үшін қолайлы нормативтік ортаны құруға бағытталған. Бұл «ДСҰ плюс» шарттары, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан мен ЕО-тың нормативтік-заңдық жүйесін жақындастырудың құралы.
2021 жылы ЕО-тың Қазақстанмен жалпы сауда көлемі 2020 жылмен салыстырғанда ұлғайып, 22,9 миллиард еуроға жетті. Бұл көрсеткіштер 2019 жылғы коронавирус індетіне дейінгі 24,1 миллиард еуро деңгейіне жақын. ЕО экспорты 5,5 миллиард еуроға жетті, ал Қазақстаннан импорт 17,5 миллиард еуроны құрады. ЕО, әрине, тұтастай алғанда Қазақстанның бірінші сауда серіктесі болып табылады.