This isn't an official website of the European Union

ЕО Арнайы өкілі Елші Терхи Хакалының Қазақстанға сапары

10.02.2022

Нұр-Сұлтан - 2022 жылғы 7 және 8 ақпанда ЕО Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Елші Терхи Хакала билік, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдерімен пікір алмасу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына іс сапармен келді.

Нұр-Сұлтан қаласына сапары барысында ЕО Арнайы өкілі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевп, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова және Бас прокурор орынбасары Болат Дембаевпен кездесті. Тараптар қаңтардағы оқиғалармен қатар үкіметтің әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жөніндегі жоспарларын талқылады. ЕО Арнайы өкілі Қазақстан Үкіметін халықаралық стандарттарға сәйкес толық және ашық тергеу жүргізуге, сондай-ақ мүмкіндігінше қысқа уақыт аралығында БҰҰ Арнайы процедуралары шеңберінде уәкілетті тұлғаларды тұрақты түрде шақыру ниетін растауға шақырды.

Speakers during a roundtable

Алматыда ЕО Арнайы өкілі жақында ғана Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Ерболат Досаевпен кездесті. Сонымен қатар, азаматтық қоғам ұйымдарымен олардың қаңтардағы оқиғалар мен жағдайдың одан әрі дамуына байланысты көзқарасын талқылады. Азаматтық қоғам ұйымдары өз кезегінде азаптау, шектен тыс күш қолдану және бей-берекет ату мәселелеріне қатысты ақпарат пен алаңдаушылықтарымен бөлісті. Хакала ханым халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ және ЕҚДБ өкілдерімен де кездесті.

Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Коммуникация бойынша басқарушысы Абаканова Эльнура ханымға хабарласуыңызды сұраймыз, e-mail: [email protected].