Астанада Орталық Азия үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша тоғызыншы сараптамалық форум аяқталды
Форумда Орталық Азия елдеріндегі 2021–2024 ж.ж. қолға алынған қылмыстық сот төрелігі реформалары жан-жақты қарастырылды, соның ішінде әділ сот және сот төрелігіне қол жеткізу, сотқа дейінгі өндірістегі адам құқықтары, тергеу тиімділігі, қылмыстық және пробация реформасы, сот төрелігі жүйесін цифрландыру, оның ішінде жасанды интеллектіні қолданудағы этикалық аспектілерді қамтиды.
Арнайы сессияда сот төрелігі жүйесіндегі гендерлік мәселелер, сот төрелігі жүйесіндегі әйелдердің рөлі және гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері қаралды.
Форум үздік тәжірибе алмасу, қиындықтарды анықтау және аймақтағы мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін құнды платформа болды. Кәсіби пікірталастардың нәтижелері Орталық Азияда заң үстемдігін нығайту және сот төрелігіне қолжетімділікті ілгерілету бойынша тиімді ынтымақтастыққа ықпал етеді.
Іс-шара ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроcы, ҚЗСО, Біріккен Ұлттар Ұйымы Есірткі және қылмыс басқармасы, БҰҰДБ, «Dignity» қоғамдық бірлестігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі және ЕҚЫҰ-ның басқа да ОА өңірлік офистері қолдауымен, ЕО және АҚШ мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы бюросының қаржылық қолдауымен өткізілді.
Аталған сессия Еуропалық Одақтың қаржыландыратын «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры (ҚСЗО) және Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (АҚХӘ) іске асыратын «Азаматтық қоғамның барлық адамдарға заң үстемдігін ілгерілету жөніндегі үйлестірілген әрекеттері» атты жоба шеңберінде ұйымдастырылды. Жоба 2024 жылдың басынан 2026 жылдың басына дейін 3 жыл бойы жүзеге асырылады және заң үстемдігі мен Қазақстандағы қылмыстық сот жүргізу саласындағы мәселелерге байланысты азаматтық қоғамның әлеуетән дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы бюджеті 777,895 евро, соның ішінде Еуропалық Одақтың үлесі - 739,000 Евро.
CONTACT DETAILS
Қосымша ақпарат алу үшін +77017444429 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы бойынша LPRC үйлестірушісі Ольга Мирошниченкоға хабарласыңыз